Мәдениет

«Ән мен жырдың Ақбұлағы»

Байқау

Байғанин аудандық Мәдениет үйінде ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Ән мен жырдың Ақбұлағы» атты республикалық ән байқауы өтті.

Байғанин аудандық әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы, Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткен республикалық  ән байқауына Ақмола, Жамбыл, Шымкент, Қостанай, Атырау облыстарымен қатар, Ақтөбе қаласы, Ойыл, Қобда, Хромтау, Алға, Байғанин  аудандарынан келген таңдаулы талапкерлер қатысты.

Байқауға Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгір, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Нұртас Омаров, Байғанин аудандық Мәдениет үйінің қызметкері әнші Мәншүк Қозбақова төрелік етті.

Қатысушы өнерпаздар бірінші кезеңде Бәкір Тәжібаевтың  бір  әні немесе  сөзіне  жазылған бір шығармасын, екінші кезеңде Қазақстан композиторларының  бір әнін орындады. Төрешілердің шешімі бойынша, атыраулық Мұратбек Жұмашев бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынға шымкенттік Өсербай Бөріханов ие болды. Екінші орынды хромтаулық Жазира Мырзахметова мен Жамбыл облысынан келген Дулат Жанұзақов иеленді. Байғаниндік Ақбота Тәжмағанбетова мен қостанайлық Әжібай Тасқын үшінші орынды місе тұтты. Жүлдегерлер менқалған қатысушыларға диплом мен ақшалай сыйлық табысталды.

А.БИСЕНБАЙҚЫЗЫ,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button