Білім

Әдебиет — қоғам айнасы

  • Оқушы ойы

Төл әдебиетіміз — біздің мәңгілік рухани азығымыз, асыл мұрамыз. Оның тұтастығын сақтау — бізге парыз.Қай елге барып, қандай мінбеден сөз сөйлесек те, тарихымыздағы әдеби құндылықтарды, әдебиеттің майталмандарын тілге тиек етеміз. Өйткені жазушы—қоғамның, әлеуметтің үнін әдеби нұсқада жеткізуші. Олар — қоғамда болып жатқан құбылыстарды, халықтың мұң-мұқтажын, рухани жай-күйін қаламымен суреттеп жеткізуші тұлғалар.

Бізге дейінгі әдебиет өкілдерінің шығармашылығы қай кезең оқырманын да рухани азықсыз қалдырмады. Олардың шығармаларын барлық буын әлі де сүйіп оқитынын көріп жүрміз.

Қазіргі таңдағы әдебиеттің қарыштап дамуы мен оқырманға деген шынайылығының сақталуына осы бір әдеби сын жетіспей  жатырма деп ойлаймын. Сыни пікір бар жерде алға даму мен өсу процесі болады. Сын айта білу де өнер. Орынды сын айтылса, оны аяқтан шалу деп емес, жаңа бір белеске қарай қадам басу деп қабылдаған дұрыс.

Әдебиеттің майталманы болу — жүрегі елім деп соғатын жанның ғана қолынан келеді. Елі мен жерін сүйетін, халқының тәуелсіздігін бағалайтын, тарихын құрметтейтін қаламгердің туындысын ойлы оқырманның қабылдамауы мүмкін емес. Кейінгі әдеби шығарма төңірегінде қалам тербеп жүргендердің көбісінде эгоистік көзқарас анық байқалады. Бұл шығарма ғұмырын қысқартады.

Сайып келгенде қазақ әдебиетінің  болашақтағы аяқ алысы қаламгер мен оқырман арасындағы нәзік байланыстың сақталуында дер едім. Қазақ мәдениетінің дамуына атсалысып жүрген жандар әдебиетіміздің де дамуына, мойын бұрып, оқырман талғамымен санасып, өтімді шығармалардың қалың оқырман қолына жылдам жетіп, таралуына жағдай жасаса деген ұсынысым бар.

Фатима СЕГІЗБАЕВА,

№22 орта мектептің 7-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button