Білім

Ұстаз есімі өшпейді

Қазақ КСР Халық ағарту  ісінің озық қызметкері Бекет Есенжоловтың басшылығымен салынған  Шалқар қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп — талай шәкірттің алтын ұясы. Біздің түлектер Қазақстанның түкпір-түкпірінде  абыройлы қызмет атқарып келеді.

«Әке көрген оқ жонар» демекші, Бекет Құрмашұлының  өмірінің жалғасы Арман Бекетұлы аталған мектептің Бекет Есенжолов атындағы математика кабинетін заманауи үлгіде жабдықтап берді. Әр баланың толыққанды білім алуы үшін компьютер, интерактивті панель,әдістемелік құралдар, әдеби оқулықтар, жиһаздармен қамтылды. Кабинет қабырғасына ілінген  математикалық стендтер де білім алушылардың логикалық  қабілетін дамытуға, шығармашылық ізденіске баулуға  септігін тигізіп келеді.

Білім саласының дамуына қосқан еңбегін келер ұрпаққа үлгі ету, ардақты азаматтың  есімін ұлықтау мақсатында жуырда №6 мектептің қасбетіне Бекет Есенжоловқа арналған  ескерткіш тақта орнатылды.

Осы орайда Арман, Зылиха  Есенжоловтар, олардың анасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иeгepi Айша Базарбайқызы «Мектепке жол» акциясына үнемі атсалысып, 2020-2024 жылдар аралығында  аз қамтылған отбасы балаларына жалпы құны9 млн  теңге болатын киім-кешек пен оқу құралдарын сыйға тартты. Айша апай жыл сайын мұғалімдермен кездесіп, өзінің жарты ғасырлық еңбек жолының  тәжірибесімен бөлісіп отыруды да әдетке айналдырған.

Қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен Бекет Есенжоловтың әулетінің игі ісі көпшілікке үлгі боларлық.

Гүлшат  ҚЫРАУБАЕВА,

№6 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button