Су тасқыны
Су тасқынынан кейінгі сабақтар: білім беру жүйесіндегі қалпына келтіру жұмыстары
Үкімет отырысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан су тасқынынан кейін білім беру мекемелеріндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Ауқымды су 11 мыңнан астам бала оқып жатқан 40 нысанды басты.
Ақтөбе облысында 4 772 оқушы оқитын 7 мектеп пен 6 балабақша зардап шекті. 4 нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Төрт ғимаратта күрделі жөндеу жұмысының 90%-дан астамы орындалды. 5 жаңа нысанның құрылысы басталды. Бұған Үкімет резервінен 6,2 млрд теңге бөлінді. Балаларды жақын маңдағы мектептерге жеткізу жұмысы ұйымдастырылған.
«Зардап шеккен объектілерді қалпына келтіру процесі, жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау және оқу процесін ұйымдастыру Министрліктің тұрақты бақылауында»,— деп түйіндеді Еділ Оспан.