Су тасқыны
Қаратал ауылында 60 балаға арналған балабақша салынуда
Бұған дейінгі «Балбөбек» бөбекжай бақшасы көктемгі су тасқыны салдарынан бүлініп, жарамсыз болып қалды.
Қазіргі таңда Ш. Берсиев ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылында жаңа балабақшаның құрылысы қарқынды. Жауапты мердігер мекеме – «АТМ Холдинг» ЖШС жұмыстарға 22 адамды жұмылдырған.
Жалпы аумағы 880 шаршы метрді құрайтын балабақша 60 орынға шақталған.
«Жұмыс қарқыны жоғарғы деңгейде, құрылыс материалдарына қатысты шағым жоқ. Бәрі уақытылы қамтамасыз етілуде. Жергілікті тұрғындардан 5 азаматты жұмысқа тарттық. Жұмыстарды желтоқсан айының аяғында аяқтауды жоспарлап отырмыз» – деді мердігер компанияның өкілі Сафин Ринат.