Мәдениет

Ақтөбеге әкемтеатр келе жатыр

Театр сүйер қауым үшін ақжолтай хабар. 2-6 қазан күндері аралығында Ақтөбе қаласындаМ.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры гастрольдік сапармен өнер көрсеткелі отыр.

Бірер жылда ғасырлық тойын атап өткелі отырған байырғы өнер ұжымының ғимараты қазіргі таңда жөндеу жұмыстары үшін уақытша жабылған. Соған байланысты әрі жоспарға сәйкеструппаөңірлерді гастрольмен аралап жүр.

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры сахнасында әкемтеатр таңдаулы қойылымдарын көрермен назарына ұсынбақ. Атап айтсақ, 2 қазан күні Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасы, 3 қазанда  И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» мюзиклі, 4 қазанда М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, 5 қазанда Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа бір той» комедиясы және6 қазанда Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қасіретнамасын сахналанғалы отыр. Спектакльдердің басталу уақыты — сағат 19.00-де.

— Ақтөбеліктерді өз қойылымдарымызда асыға күтеміз. Билеттер Ахтанов театрының кассасында сатылады.

Бұл күндері Бақтияр Қожа, Бекжан Тұрыс, Еркебұлан Дайыров, Данагүл Темірсұлтанова сынды елге белгілі актерлер өнер көрсетеді. Сондай-ақ арасында Мейрамбек Тағанов, Әлсейіт Есбатыров, Ажарлым Мағзұм, басқа да жерлестеріңіз бар, — дейді театрдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Замира Қазақбайқызы.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button