Білім

Мақсат — қауіпсіз орта қалыптастыру

Семинар

«Ақтөбе-Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында  «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолайлы орта құрудың басты стратегиялары мен құрылымдары» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Бұл іс-шара мектепке дейінгі орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылды. Мақсат — балалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, оларды қатыгездіктен және қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау.

Жиынға қатысушылар білім алушылар үшін қолайлы тәрбие ортасын қалыптастыру және балалардыңөміріменденсаулығынсақтауда балабақша жұмысын жетілдіру секілді ойларын ортаға салды. Өзара тәжірибе алмасқан педагогтер алдағы уақытты ынтымақтастықта жұмыс істейтіндерін айтты.

С.ЕРБОЛАТҚЫЗЫ, Г.ЖҰМАҒАЗИНА,

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты кафедрасының әдіскерлері.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button