Пікір

Кәсіпті дамытуға қолдау көрсетіледі

Дидар БОРАНҚҰЛОВ,
«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында еліміздегі кәсіпкерлікті қолдауға қатысты бірқатар бастамаларды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде салық саясаты, кәсіпкерлікті қолдау және мемлекеттік бағдарламаларға қатысты негізгі аспектілерге тоқталды. Әділ және ашық салық жүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл — кәсіпті жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Атап айтқанда, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, шағын және орта бизнеске түсетін салмақты азайту қажеттілігіне баса назар аударды. Алдағы уақытта салықты уақытында төлемегені үшін кәсіпкерлердің шоттарын бұғаттамау туралы шешім — маңызды өзгерістердің бірі болмақ.
Аталған іс-шаралар кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл — өңір кәсіпкерлері үшін де ерекше жаңалық әрі тиімді қолдау.
Жолдауда кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың маңыздылығы да айтылды. Жаңа бастамалар аясында кәсіпкерлер үшін қолда бар субсидиялар мен жеңілдіктерді кеңейту жоспарланған. Енді жаңа және жұмыс істеп тұрған кәсіпті дамытуға қосымша қолдау көрсетіледі.
Президент өз Жолдауында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен экологиялық жағдайды жақсарту қажеттілігіне де назар аударды. Ол Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы табиғатты қорғау және бұл салаға озық технологияларды енгізу бойынша нақты іс-шаралар қабылдау керектігін атап өтті.
Өңірлік палата бұл бастамаларды қолдап, Жолдау жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс істеуге дайын. Біз салықтық процедураларды жеңілдету, мемлекеттік қолдауды кеңейту және экологиялық жауапкершілікті арттыру, бизнесті жүргізу, оның өсуі мен тұрақты дамуына ықпал ету үшін анағұрлым тұрақты және қолайлы жағдай туғызатынына сенімдіміз. Жаңа бағдарламалар мен бастамаларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button