МерекеПікір

Кемелдікке бет алған белестер

Жарас ӘЛИЕВ,

«SMART BILIM» мектеп-гимназиясының тарихшысы, магистр.

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 34 жыл толды. Бұл — ел тарихындағы аса маңызды кезеңдердің бірі. 1991 жылдан бастап Қазақстан мемлекеттілігін нығайту, халықаралық аренада беделін арттыру және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында бірқатар стратегиялық шешім қабылдады.

Тәуелсіздік жылдарында жүзеге асқан ең ұлы тарихи қадамдардың бірі Қазақстанның адамзат тарихында тұңғыш болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы еді. Бұл шешім қазақ елін бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті дәріптеуші мемлекет ретінде әлемге танытып, халықаралық аренада жауапкершілігі жоғары ел ретіндегі абыройын асқақтатты. Сонымен қатар еліміздің алып көршілері — Ресей және Қытай мемлекеттерімен мемлекеттік шекараны толықтай делимитациялауы Қазақстанның аумақтық тұтастығын нықтап, аймақтағы тұрақтылық пен өзара сенімнің берік іргетасын қалаған маңызды тарихи белес болды.

Тағы бір айрықша аталып өтер шешім — ел астанасын жаңа өңірге көшіру. Бұл қадам Қазақстанның жаңғыру жолындағы символдық әрі стратегиялық бетбұрысына айналып, ұлттық дамудың жаңа дәуірін айшықтады.

Көп этносты Қазақстан қоғамында ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету детәуелсіздік жылдарындағы маңызды жетістіктердің бірі. Еліміздегі тіл мәселесі мен діни конфессиялар арасындағы тепе-теңдікті сақтау, этносаралық келісімді нығайту мемлекеттің саяси бағытының негізгі өзегіне айналды. БұлПрезиденттік басқару жүйесі аясындағы тиімді мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі ретінде бағаланады.

Еліміздің отыз төрт жылдық тәуелсіздік дәуірі — мемлекетіміздің кемелдену, жаңғыру және әлемдік аренада өз орнын айшықтай түсу жолындағы жарқын жетістіктерге толы кезең. Бұл жылдар еліміздің рухани биіктеуіне, экономикалық қуатын арттыруға, саяси тұрақтылығын нығайтуға тың серпін берді.
Тәуелсіздік халқымыздың ең қастерлі, ең бағалы құндылығы болып қала береді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button