Пікір

Басты байлыққа ерекше көзқарас

Гүлжанат ЛЕПЕСОВА,
Ақтөбе қалалық №1 емхананың бас дәрігері.

Астанаға арнайы барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдаған ақтөбелік делегациясының арасында мен де болдым. Жолдауда медицина саласының да мәселелері қозғалды.
Денсаулық сақтау саласында еңбек еткеніме 35 жылдан асты. Учаскелік дәрігер қызметінен басталған еңбек жолымда алғаш рет осындай құрметке ие болдым — ел Президентінің Жолдауына қатысуға мүмкіндік алдым.
Әлемдегі, соның ішінде елдегі әлеуметтік-саяси жағдай кеңінен қамтылған Жолдауда, әрине, медицина жайы да сөз болды. Әсіресе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ерекше тоқталып, биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінгені айтылды. Арасында: «Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеліп соқтырды. Науқастарға мемлекет кепілдік берген қызметтерді ақылы негізде алуды немесе бірнеше ай бойы кезек күтуді ұсыну жайттары аз емес. Бұған жол беруге болмайды. Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс», — деген Мемлекет басшысының тапсырмасы орынды деп есептеймін.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстікті белсенді тарту қажеттігін ескертті. Бұған қатысты жаңа нормативтер мен ережелер әзірлеуді тапсырды.
Жасыратыны жоқ, білікті мамандардың тапшылығы біздің салада да бар. Бұның өзекті мәселе екенін Мемлекет басшысы да атап өтті. «Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн» деген пікірге толық қосыламын. Өйткені басты байлық — денсаулық атүсті көзқарасты көтермейді…

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button