Жаңалықтар

Әйелдер автобуста тегін жүреді

Тасымал

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтөбе қаласында әйелдерге автобустарда тегін жол жүру мүмкіндігі беріледі.
Ақтөбеде қала тұрғындары мен қонақтарына «Автопарк», «Қала транс», «Ақжайық автопарк», «РТТ группа» және «Табыс Ақтөбе» тасымалдаушы компаниялары қызмет көрсетеді. Барлық 5 компанияның автобустары 8 наурызда өзінің тұрақты кестесіне сәйкес жүреді.
Жолаушылар тасымалымен айналысатын «РТТ групп» ЖШС-ның автобустары наурыз айынан бастап жолға шықты. Ол Ақшатқа қатынайтын 44-ші және Қурайлыға қатынайтын 47-ші бағыттарға қызмет көрсетеді. Халықтың сұранысы бойынша осы екі бағытта автобус саны көбейді. 8 наурыз күні бұл компания да әйелдерге тегін қызмет көрсетеді.
Осылайша Ақтөбедегі жолаушылар тасымалымен айналысатын бес компанияның әкімшілігі мен көлік жүргізушілері мереке иелерін құттықтап, 8 наурызда қала ішіндегі кез келген бағытқа автобуспен тегін жүруге мүмкіндік сыйлап отыр.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button