Мәдениет

100 жылдық достық

Павел МАГЛЕЛИ, болгар ұлттық-мәдени орталығының төрағасы:

– Өткен жылы болгарлардың қазақ жеріне қоныстанғанына 100 толған мерекесін атап өттік. 100 жыл бірге өмір сүру деген біздің қазақ бауырларымызбен қаншалықты тату-тәтті тұрғанымызды көрсетсе керек. Мерекені өткізуге облыс әкімі Елеусін Сағындықов, Алға ауданының әкімі Марат Тағымовтар үлкен қолдау көрсетті. Мереке аясында халыққа қажетті бірқатар шаралар жүзеге асты. Мәселен, болгарлар тығыз шоғырланған Алға ауданының Болгар ауылында жаңадан мектеп салынды, балабақша пайдалануға берілді.

Болгарлардың мерекесін қазақтармен бірге орыс, украин, белорус, грек, еврей, жалпы, облыстағы барлық ұлттың өкілдері бірге тойлады. Бұл еліміздің ұлттық саясатының дұрыстығын, ұлттар мен ұлыстардың татулығын көрсетеді.

Болгарлар үшін қазақтардың орны ерекше. Қай халықты да құшағына тарта білген қазақ елі қашан да бауырмалдығымен танылып келеді.

Айта кету керек, біздің тіліміз де ұқсас. Біз де түркі тілдес топқа жатамыз. Қазақтар «бір» десе, біз «бир» дейміз. Болгарлар қазақ тілінде еркін сөйлейді. Менің ағам Федор Маглели мектепте қазақ тілінен сабақ берді. Мемлекеттік тілді сыйлағанымыз сондай, немерелерімді қазақ балабақшасына бердім. Төтенше жағдайлар министрлігінің шұғыл құтқару отряды жетекшісінің орынбасары бола жүріп, жұмыста іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылап отырамын.

100 жылдық тарихын Ақтөбемен байланыстырған болгарлар достықтың туын жоғары ұстап өтеді деп сенемін.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button