Ауыл

Мәртөктегі маңызды кездесу

«Ауыл аманаты — бабалар аманаты» экспедициясы Мәртөк ауданына барды.

Ресеймен шекаралас жатқан Мәртөк  — аймақтағы әлеуеті жоғары, әсіресе ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аудандардың бірі. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауданда қызу қолдау тапты. Бұл бағыт бойынша аудан  үздік келе жатыр. Бағдарлама аясында аудан бойынша 213 жоба тапсырылған. Құны — 981 миллион теңге. Оның ішінде 720 миллион болатын 170 жоба мақұлданған. Негізінен, өсімдік және құс шаруашылығы бойынша кәсіпті қолға алғандар көп. 

— Бағдарлама басталған кезде ауданда скрининг жүргіздік. Қандай бағытқа көбірек көңіл бөліну керек, азық-түлік өндіруде қай салаға басымдық берілген жөн деген сұрақтарды қамтыдық. Аудан облыс орталығына жақын. Сондықтан құс және өсімдік шаруашылығын дамытуды қолға алдық. Мәселен, бағдарламаның арқасында құс өнімдерімен өзін-өзі қамту 45 пайызға артты, — деді аудан әкімі  Алмас Салықбаев.

Экспедиция мүшелері ауданда несие алып, кәсіп бастаған тұрғындармен кездесті. Кездесуде «Ақтөбе» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Ашур Алмасов бағдарлама туралы айтып, тұрғындардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Философия ғылымының докторы, профессор Алтай Тайжанов экономикасын дамытуда ауылға жағдай жасаудың маңызы зор екенін айтып, кәсіп бастаған азаматтарға сәттілік тіледі

Сапар барысында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин кәсіп иелерін серіктестік атынан марапаттады.

(Материалдың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар).

 Кәмшат ҚОПАЕВА

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button