Басты жаңалықтар

«Әрбір ауыл тұрғыны оң өзгерістерді сезінуі тиіс»

Кеше облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуге арналған жиын өтті. Оған мемлекеттік орган басшылары, аудан әкімдері мен жұмыс тобының өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірленуде. Тұжырымдама ауыл халқының әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарына тең мүмкіндіктер беру сияқты үш бағытты қамтиды. Алдағы екіжылда ауылдың әрбір тұрғыны оң өзгерістерді сезінулері қажет, —  деп атап өтті облыс әкімі.

Бүгінгі таңда облыстағы ауылдарда — 236 мың, қалада 690 мың адам тұрады. Жұмыс тапшылығына, жалақының төмендігіне, әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығына және басқа да себептерге байланысты еңбекке қабілетті жастардың ауылдан көшуі байқалады. Бұл елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етуде.Ауылды дамыту жобасы бұл мәселенің өзектілігін жоюы керек.

Өңірде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында тиімді шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасы басталды, ал 2023 жылы Хромтау, Мұғалжар, Шалқар аудандарында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында 20 мың тұрғыны бар 29 ауылда заманауи денсаулық сақтау нысандары салынады.

Облыс басшылығы «Ауыл аманаты» жобасынан оң өзгерістер күтеді. Соның арқасында тұрғындар өз кірістерін арттырып, аудандардағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Үлгі ретінде алынған Қарғалы ауданының Қосестек ауылдық округінде жұмыссыздар бойынша деректерді көрсете отырып, әлеуметтік паспорт жасалған. Азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі және т.б. айқындалған. Барлық 133 ауылдық округті паспорттау бойынша жұмыс қысқа мерзімде аяқталады. Сондай-ақ инженерлік жобаларды қоса отырып, ауылдарды дамытудың кешенді жоспарлары әзірленді, мұнда инфрақұрылым мәселелері «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бюджеттік, демеушілік қаражат есебінен шешілетін болады.

Демеушілер мен ауыл тұрғындарын тарта отырып, көптеген мәселелерін шешкен Алға ауданы Үшқұдық ауылының оң тәжірибесі басқа аудандарда да жүзеге асырылмақ.

«Егер барлық әкімдер тиімді жұмыс жасайтын болса, біз бюджетке күш салмай-ақ, күн тәртібіндегібірқатар сұрақтарды шешер едік. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде өңірде абаттандырылған, инженерлік инфрақұрылымы дамыған жәнешағын орта бизнесі бар ауылдар құрылады», — дегенЕралы Тоғжанов аудан әкімдері мен тиісті басқармалардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button