Жастар

Екпе алып, жеңілдікке ие бол!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жаңа оқу жылын толық құрамда дәстүрлі түрде бастауға дайындалып жатыр. Бүгінде университетте білім алып жатқан студенттер де белсенді түрде вакцина алып жатыр.  

— Вакцинация — індеттің алдын алудың жалғыз жолы. Қазіргі таңда білім ордасындағы қызметкерлермен қатар, студенттер де белсенді түрде вакцина алуда. Білім ордасының басшылығы бұл мақсатта студенттерге тамаша мүмкіндік сыйлап отыр. Ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысып, вакцина алған студенттер үшін ұтыс ұйымдастырылып жатыр. Ұтыс нәтижесі бойынша 100 студентке оқу ақысына жеңілдік және ақшалай сыйлықтар табысталады, — деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Ұтысқа қатысу үшін студент 1 шілде мен 15 тамыз аралығында вакцина алып, университеттің инстаграм парақшасындағы direct-ке өзі туралы мәліметпен қатар, вакцина паспортын жіберуге тиіс.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button