Жаңалықтар

Ардагердің ауласын тазалады

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығына Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқушылары белсенді қатысты.

Тасқын кезінде Ақтөбе қаласының Ақжар-1 елдімекеніндегі «Поиск» бау-бақша  ұжымының 95-учаскесінің тұрғыны, зейнеткер Сақтаған Шәймұхановтың үйін су басқан еді. Коллед оқушылары тазалық акциясы кезінде зейнеткердің үйіне барып, ауласына, үйіне тазарту жұмыстарын жүргізді.

—  Тазалық акциясына аграрлық-техникалық колледжінің 20 оқушысы қатысты. Бұл күні ер балалар зейнеткердің ауласын тазартып, суға кеткен жиһаздарды сыртқа шығарды. Ал қыз балалар үй жинап, ыдыс-аяқтарды жуып, үй ішін жиыстырды.«Береке — бірлікте» атты жалпыұлттық акциясы аясында «Ардагерлерді ардақтайық» шарасының мақсаты — тасқынға байланысты суға кеткен ардагерлеріміздің ауласын тазарту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, қарттарға құрмет көрсетуге шақыру. Колледжде мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады.Оқушыларымыз тазалықтың екі айлығы аясында өзен жағалауларын күл-қоқыстан тазартып, жас көшеттерді егу шарасына да белсенді қатысты. Соның ішінде «Менің атаулы ағашым», «Бұлақ көрсең, көзін аш» іс-шараларына да оқушыларымыз белсенді түрде қатысты, — деді «Жасыл ел» еңбек жасағының штаб менеджері Назерке Мұздарапқызы.

Сақтаған ата балаларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button