Әдебиет

Дарынды ақын еді…

Әдеби кеш

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында белгілі журналист, талантты ақын Жанар Нұрғалидың туғанына 50 жыл толуына арналған «Дарынды ақын еді…» атты еске алу кеші өтті.

Кеште алдыменақынның туған жері — Ырғыз ауданынан арнайы келген топқа сөз берілді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Әттиев аудан басшылығының атынан сөз алып, ақын туралы жылы лебізін білдірді. Ырғыз аудандық кітапханасының директоры, өлкетанушы М.Мырзалы Жанар Нұрғалидің шығармашылығын насихаттауға арналған іс-шараларға тоқталса, сондай-ақ Б.Төлепұлы, Ә.Қапанұлы, Н.Қожахметова, С.Байжиен, Ш.Сәндібекқызы өз естеліктерімен бөлісті.

Кеште ақынның қаламдас достары — сатирик-жазушы, журналист А.Қонақбаева, ақындар —Г.Әбішқызы, Т.Тілеулесов, Г.Төрехановалар да Жанар Нұрғалидің шығармашылығы мен қайталанбас болмысы, өлеңдегі өзгеше өрнегі жөнінде сыр шертісті.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Жалындап жанған Жанар-жыр!» кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырман назарына библиографиялық шолу, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Өлең — өмір» атты фотошежіре, «Жасын ғұмыр» бейнежазбасын ұсынды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Жас қаламгер» клубының мүшелері Қ.Балдан, Ә.Артурқызы, А.Қайырбек, кітапхана қызметкері Қ.Ержігітқызы Жанар Нұрғалидің өлеңдерін оқыды.Ақтөбелік әнші, композитор Н.Жүсіпов әндер орындады.

Кеш соңында кітапхана директоры С.Хакимова келген қонақтарға алғысын білдіре отырып, жас оқырмандарды ақын шығармашылығын таныпбілуге, жалпы кітап оқып, ізденуге шақырды.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button