Yearly Archives: 2021

Облыс әкімі футбол алаңының дайындығын тексерді

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы спорттық жобалардың жүзеге асырылуы барысымен танысты. Облыс әкімі алдымен​ «Триатлон паркін» қарап​ шықты. Жалпы алаңы 4,3 гектар болатын жаңа демалыс орны биылғы жылы ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын аяқтап, субұрқақтарды​ 1 маусымға дейін қосуды​ тапсырды.​ Бұдан кейін Оңдасын Оразалин Сазды өзенінің ...

Жалғасы »

Жем мен Сағыз арналары суға толды

Биыл Жем мен Сағыз өзендерінің арнасы толды. Ауыл халқы мәз, көңілдері шат. Негізгі кәсібі — мал шаруашылығы болып саналатын Байғанин өңірінің жұртшылығы қос өзен деңгейлерінің көтеріліп, салаларының суға толып,  арналарының қураған өсімдіктерден, су жәндіктерінің өлекселерінен тазарғанына, бұлақ көздерінің ашылғанына қуанышты. Бүгінде Жемнің бойында 6 елді мекен — Жарқамыс, Ақтам, Кемерши, Жаңатаң, Миялы, Қаражар, ал Сағыздың маңында 5 елді мекен — ...

Жалғасы »

Ферма жұмысшыларына жұмыс ұсынылып жатыр

Мемлекеттік сот орындаушылардың  Бестамақтағы шошқа фермасының жұмысын тоқтатқаны туралы бұған дейін де айтылған болатын. Енді мұнда көң шығарылмайды, ағынды суды төгуге де рұқсат жоқ. Ауыл тұрғындарының тілегі орындалғанымен, бір күнде жұмыссыз қалған ферма жұмысшылары бұл шешімге наразылық танытып, ереуілге шыққан болатын. Әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырған бұл жағдай көпшілікті алаңдатып отыр. Аталған мәселеге қатысты сейсенбі күні жергілікті билік өкілдері мәлімдеме ...

Жалғасы »

Қош келдің, Рамазан!

Төлеби қажы ОСПАН, Ақтөбе облысының Бас имамы Адам баласын бейбітшілікке үндеп, мейірім мен жақсылыққа шақыратын Рамазан айы келді.  Алла тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді». Демек, бұл айда ораза ұстау — мұсылманның бес парызының бірі. Биыл оразаны тағы да пандемия жағдайында өткіземіз. Қауіпті індеттің одан әрі таралуының алдын алу үшін тарауих намазы мешіттерде ...

Жалғасы »

Шалқар көлінің деңгейі көтерілді

Биыл 11 сәуірден бастап Шалқар көлінің су деңгейі көтерілуде. Қазір Мұғалжар тауынан бастау алатын қар суы, ұзындығы 149 шақырым болатын Қауылжыр өзені арқылы Шалқар көліне құйыла бастады. — 5 сәуірден бастап көлдің табанын тазарту жұмыстары басталғаны белгілі. Қазіргі таңда құм төгуге, қоқыс тазартуға 14 полигон дайындау, тағы басқа  жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол үшін 20-ға жуық  техника жұмылдырылды. Биылғы жылға 432 ...

Жалғасы »

Алғашқы жылдардағы сәулелі сәттер

Тәуелсіздік шежіресі: 1994 жыл Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни КСРО-ның ыдырауымен қалыптасқан экономикалық байланыстар біржола үзіліп, ел жаңарып, «қазан жаңарып» жатқан жылдар бұрынғы Одақтың орнында пайда болған жас мемлекеттердің қай-қайсысына да оңайға соқпаған. Мысалы, одақтас республиканың біріндегі кәсіпорын шикізатты басқа республикадан алып қана қоймай, қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия көзі үшін келесі бір басқа республикаға тәуелді болып шықты. Оған қоса сол ...

Жалғасы »

Сапасыз жолдар мердігер компанияның есебінен қайта салынуы керек

Былтыр Ақтөбе қаласында 117 көше жөнделді. Бірақ көктемде көп көшенің асфальты қармен бірге «еріп» кетті. Жаңарған көшелер бұрынғы қалпына қайта түсті. Ал жолдың сапасы неге нашар? Сапаны кім бақылайды? Мердігер мекеме неге жауапсыз? Ақтөбе облысы бойынша жол активтерінің Ұлттық сапа орталығының директоры Тельман Малаевты сөзге тарттық.   — Қазір ақтөбеліктер үшін ең өзекті мәселе — жол. Жол неге сапасыз? — Рас. ...

Жалғасы »

Үй басқарудың жаңа үлгісі

2022 жылдың бірінші шілдесінде барлық пәтер иелері кооперативтері мен кондоминиумдер қызметін тоқтатуы тиіс. Енді олардың міндетін меншік иелері бірлестігі атқармақ. Жаңадан құрылып жатқан ұйымның басты мақсаты — көп қабатты тұрғын үйлердің тиісті күтімін қамтамасыз ету. Былтыр 7 қаңтарда тұрғындардың мұндай ұйым құру құқығы заңмен белгіленді. Бұл жаңашылдық «бір үй — бір бірлестік — бір есепшот» принципіне негізделген. Кеше алғашқылардың бірі ...

Жалғасы »

ҰБТ қалай ұйымдастырылады? Электронды әдіс және үлкен мүмкіндік  

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта өткізіледі. Яғни «бір тестіленуші — бір компьютер — бір камера» қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Аудиторияны түсіретін камералардан басқа, сынаққа қатысушы отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Бұл әдіс тестілеудің ашықтықтығын қамтамасыз етеді. Бұл жолғы сынақтың тағы бір артықшылығы, мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлерге екі рет мүмкіндік беріледі. Біз ұлттық бірыңғай тестілеудің ...

Жалғасы »

Вакцинация қалай жүргізілуде?

Биыл ақпан айынан бастап елімізде вакцинациялау жұмыстары басталғаны белгілі. Екпе бірінші кезекте қауіпті аймақта жұмыс жасайтын мамандарға салынды. Бүгінде өңірімізде 13 мыңнан астам адам екпе алды. Осы орайда облыс аудандарында вакцинациялау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын білген едік. «Індеттің алдын алудың жалғыз жолы — вакцина» Шалқар ауданы бойынша 16-17 наурыздан бастап вакцинация жұмыстары басталды. Аудандық аурухананың бас дәрігері Жангелді Былқайырдың айтуынша, ...

Жалғасы »