Жаңалықтар

Мереке күндері қауіпсіздік қадағаланады

Ақтөбе қаласы бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында өткен шараға Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, құқық қорғау органдарының өкілдері
мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаевтың айтуынша, биыл Ақтөбе қаласында 6027 құқықбұзушылық дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Сондай-ақ интернет алаяқтары да азаймай тұр. Мамандар мұны пандемия кезіндегі онлайн жұмыстың салдарынан екенін айтады.
— Прокуратураның ұсынысымен құқықбұзушылықтың алдын алудағы жұмысты жүйелендіру үшін мүліктік, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы, жолкөлік қозғалысы саласындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында үш жұмыс тобы құрылды.
Комиссия құрамына прокуратура, құқық қорғау органдары,жергілікті атқарушы органның, мүдделі ұйымдардың өкілдері енген. Биыл аталған комиссияның
4 отырысы өткізілді. Отырыста құқықбұзушылықтың және жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқықбұзушылық жағдайы, қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселелер көтеріліп, осы бағытта қызметті жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді, — дейді Жасұлан Дәулембаев.
Оның айтуынша, келер жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сауалдарды қабылдау үшін арнайы call center ашу
жоспарланып отыр.
— Биылғы жыл аяқталып келеді. Бірлесе атқарған нәтижелі жұмыстар аз емес. Жыл сайын мереке қарсаңында құқықбұзушылық әркеттері жиі байқалады.

Бұл бағытта полиция өкілдері бекітілген жерлерде кезекшілік жұмыстарын атқарады.
Мереке күні асыра ысырапшылдыққа жол бермеу керек деп ойлаймын. Отбасылық мереке болғаннан кейін үй ішінде жақындарыңмен қарсы алған
дұрыс, — деді қала әкімі.
Шара барысында сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ келер жылға арналған кешенді жоспар әзірленді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК

Басқа жаңалықтар

Back to top button