Ауыл

Біздің ауыл көркейді

Құрашасай орта мектебінде «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафетаға 50 оқушы атсалысты.

Олар қала сыртындағы ауруханалар кешені маңы мен Құрашасай ауылына дейінгі тас жолдың екі жақ бетін, ауыл маңындағы «Елім-ай» және «Матай» шаруа қожалығына дейінгі жер аумақтарын қоқыстардан тазартты.

Сонымен қатар ауыл көшелерін тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ауылымыз кәдімгідей тазарып қалды. Оқушылар арасында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, еңбекке баулу, тәрбие жұмыстары жүргізілді.

Ауыл тұрғындары оқушылардың табиғатты аялап, ауылды көркейтуге үлес қосқандарына дән риза болды. Еңбекпен тапқан азын-аулақ ақшаларына оқу-құралдарын алып, ата-аналарының жүгін титтей де болса жеңілдеткендеріне өздері де қуанды.

Мектеп мұғалімдері мен ауыл тұрғындары да аулаларының маңын қоқыстан тазартып, қақпаларын ауыстырып, сырлады.

Сандуғаш САҒЫНДЫҚОВА,

Құрашасай орта мектебінің кітапханашысы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button