Жеңіс

9 мамырда Ақтөбе қаласында Жеңіс күніне арналған бірқатар шаралар өтеді

Сағат 9.00-де «Мәңгілік Алау» алаңында, сағ. 9.30-да Әлия Молдағұлова ескерткіш кешеніне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, сағат 9.30 да Әлия Молдағұлова бюстіне (Шернияз көшесіндегі саябақ), «Зеңбірек» ескерткішіне (Ж.Кереев – Жанқожа батыр көшелерінің қиылысындағы саябақ) және «Бауырластар зиратында» (Жиенбаев көшесі) гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Аталған іс-шараларға облыс және қала, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер, кәсіпорындар, саяси партиялар, қоғамдық және этномәдени бірлестіктер, жоғары оқу орындары мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады.

9 мамыр күні кешкі сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін «Мәңгілік Алау» алаңында, Әлия Молдағұлова мемориалдық кешенінде, сондай-ақ Есет батыр, Сазды, Құрайлы және Нокин тұрғын үй алабтарында мерекелік концерттер өтеді.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button