Облыс әкімі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандардың рухына тағзым етті
Ақтөбе облысында 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар өтуде.
Өңір басшысы Асхат Шахаров Ақтөбедегі «Мәңгілік алау» меморалдық кешені және Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Батырлар алаңын аралап, майдангерлердің ұрпақтарымен жүздесті, мерекемен құттықтады.
Ескерткіштердің алдына жиналған мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және қала тұрғындары да соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар, Жеңіс күнінде Әлия Молдағұлова бюсті, «Зеңбірек» ескерткіші және «Бауырластар зиратында» ақтөбеліктер гүл шоқтарын қойып, Отан үшін жанын пида еткен батырларды еске алды.
9 мамырға арналған концерттік бағдарламалар кешкі сағат 19.00-ден 21.00 аралығында «Мәңгілік Алау» алаңында, Әлия Молдағұлова мемориалдық кешенінде, сондай-ақ Есет батыр, Сазды, Құрайлы және Нокин тұрғын үй алаптарында өтеді.
А.ІЛИЯС.