Жеңіс

Бағалаймыз және құрмет тұтамыз

Еркін Жиеналин, Amanat партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушысы хатшысы.

Жеңіс мерекесі — ерлік пен жанқиярлылықтың асқақ үлгісі!
Бұл жеңіске аға буынның – аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың теңдессіз күш-жігері мен орасан зор құрбандықтарының арқасында қол жетті. Біз әрбір батырдың қосқан үлесін есте сақтаймыз, бағалаймыз және құрмет тұтамыз.
Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында соғыс қаһармандарын есте сақтауға, жалпы алғанда, фашизмді жеңген Ұлы Жеңістің тарихи естелігін сақтауға ерекше көңіл бөлді. Президентіміз айтқандай, батырларымыздың ерліктері Отан қорғаушылардың бүгінгі және болашақ ұрпақтарына үлгі болып табылады.
Ардагерлер ортамыздан азайса да, олардың ерлік істері жылдар өткен сайын жадымызда жаңғырып қала берері анық!
Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button