Жеңіс

Жадымызда жаңғырған Жеңіс күні

Гумер ГАЛЕЕВ,
Ауған соғысының ардагері.

Жеңіс күні — тек қана соғыс ардагерлері емес, тылда еңбек еткендер үшін де ерекше күн. Бұл күн бейбітшілікті сақтаудың, ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын еске салады. Ауған соғысының ардагерлері де Жеңіс күнін сән-салтанатпен атап өтеді. Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкендерді еске алып, рухына тағзым ету, құрмет көрсету – жылдағы игі дәстүр.
Ауған соғысына мыңдаған жас сарбаз қатысып, оның біразы елге мүгедек болып оралды. Ендігі ұрпақ соғысты көрмесе екен. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар азаматтардың ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі. Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын жүректерінде мәңгі сақтайды.
Соғыс дегеніміз әрқашан да зұлымдық. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан бейбітшілікті сақтауды жақтап келеді. Біздің көпвекторлы саясатымыз бейбітшілік пен аумақтық тұтастықты сақтаудағы дала дипломатиясының бай тәжірибесіне негізделген. Біз қақтығыстар біздің азаматтарымызға ешқашан әсер етпеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ол үшін бізге бірлігі жарасқан ұйымшыл халық, әлемнің барлық елдерімен сенімді достық қарым-қатынас және күшті армия қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөліп келеді. Әсіресе Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтардың жоғары оқу орнына үш жылға дейін түсуіне мүмкіндік жасап отыр. Сондықтан қарулы күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға буынның ерлік және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің адамгершілік мектебіне айналады деп сенемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button