Әлеумет

Дабыл қондырғысы тегін орнатылып жатыр

Ақтөбелік көпбалалы отбасылардың үйлеріне өрт хабарлағышы тегін орнатылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Ақтөбедегі мұқтаж тұрғындардың үйлеріне өрт дабылы қондырғысы тегін орнатылуда.Нәтижесінде 150 үй өрт сөндіргіштермен, дербес датчиктермен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілді.

Көмек көпбалалы ақтөбеліктерге, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетіліп жатыр. Қажет болған жағдайда ошақ алдына қорғаныш құрылғыларын орнатып, мұржаларды және үй ауласын қоқыстардан  тазартуға көмектеседі. Сол сияқты, «Үміт» сәбилер үйінде алты өрт шкафы монтаждалған.

Берікбаевтар отбасында төрт бала бар. Олардың біреуі — ерекше бүлдіршін. Отағасының айтуынша, енді ол үй іші үшін бұрынғыдай алаңдайтын болмайды. Өйткені орнатылған қондырғы кішкене түтінге де әсер етеді. «Балалар, әрине, отпен ойнамайды, бірақ сақтанған жөн болар», — деді Ербол Берікбаев.

Тұншықтыратын газ датчигі жұмысының қағидасы қарапайым —  оған түтін тиген кезде ол қауіпті ескертіп, қатты дауыс шығарады. Осы бір кішкене дербес «қорапшалардың» арқасында тұрғындар бөлмеден уақытында шығып кете алады, —  деді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Евгений Овчарский.

«Жақсылық жаса» акциясы аясында қырықтан астам үйге қайтарымсыз өрт дабылдары орнатылды. Жергілікті атқарушы органдар тағы елу датчикті жақын арада сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, облыс бойынша 25 мың тұрғынға өрт қауіпсіздігі нұсқаулығы жүргізілді, 16 мыңнан аса үгіт мәлімет таратылды.

Кішкентай ақтөбеліктерге де өрт шыққан кезде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілуде. Өңірдегі 79 мектепте интерактивті сабақтар жүргізілді.

Былтыр облыста барлығы 475 өрт оқиғасы тіркелген. Қайғылы оқиға 12 адамның өмірін жалмаса, оның төртеуі — балалар. Биыл қаңтар айының өзінде тұрғын үйлерде 17 өрт оқиғасы тіркелді, жапа шеккендер жоқ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button