Жаңалықтар

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Жеделхат

Сізді біздің қаламгерлер қауымы мемлекетшіл, халықшыл әкім ретінде таниды, қазақ руханиятының шын жанашыры деп біледі. Шығыс Қазақстан облысына әкім боп барғаныңызда Өскеменде Абайдың, Оралханның ескерткішін орнатып, елдің еңсесін бір көтеріп тастап едіңіз. Классик жазушымыз Қабдеш Жұмаділовтің сол кезде айтқан «Өскеменге әуелі Абай, сосын біз келдік!» деген лебізі бүгінгі қанатты сөзге айналды.

Ақтөбе облысында да ел игілігі үшін қыруар шаруа жасап жатқандығыңыздан хабардармыз. Жақында Қарақалпақстанға барған сапарыңызда Нөкістегі Сорша қорымында жатқан қазақтың ұлы ақыны Төлеген Айбергеновтің бейітіне зиярат еткендігіңізді естіп, қатты сүйсіндік. Ол — небәрі отыз жыл өмір сүрсе де, артында өлмес мұра қалдырып, сан алуан дарынға темірқазық болған тұлға!

Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Ақынның асыл сүйегі жерленген орынды Қазақстаннан осы күнге дейін бірде-бір лауазымды тұлғаның іздеп бармағаны біздің арқамызға қатты бататын. Міне, сол олқылықтың орнын Сіз толтырдыңыз. Сол үшін де Сізге күллі қазақ қаламгерлері атынан алғыс айтамын!

Жұмысыңызға табыс, еңбегіңізге жеміс, отбасыңызға құт-береке тілеймін.

Құрметпен, Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ,

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button