Әлеумет

Әлеуметтік көмекті кімдер алады?

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, 2018 жылдың 1 маусымына облыс бойынша жан басына шаққандағы табыстары кедейшілік  шегінен төмен болған барлығы құрамында 12735 адамы бар  2568 отбасына 197,3 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде:

— шартсыз ақшалай көмек —  533 отбасына 43,5 млн.теңге;

— шартты ақшалай көмек — 2035 отбасына 153,8 млн.теңге.

Облыс бойынша 2018 жылдың 2 тоқсанына белгіленген кедейшілік шегінің мөлшері — 11955 теңге.

Мемлекеттік атаулы көмек алушылардың орташа статистикалық әлеуметтік сипаты мынадай: барлығы — 12735 адам, соның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың негізгі үлесін, яғни 62,0 пайыз он сегіз жасқа дейінгі балалар;  еңбекке қабілетті азаматтар —  17,6 пайыз, балаларды күтумен айналысатын адамдар — 15,9 пайыз;  басқалары — 4,5 пайыз.

Облыс бойынша шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті 818 азамат жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартылды. Шартты ақшалай көмек алатын 304 отбасына жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға біржолғы ақшалай көмек көрсетілді.

Ел Үкіметінің «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша облыста отбасының жиынтық табыстары белгіленген шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесiнен асып кетпейтін жағдайда аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

2018 жылдың 1 маусымына Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй көмегі 1584 отбасына 17,9 млн. теңге көлемінде тағайындалды.

Үкіметтің № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жергілікті бюджет есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсетуге аудандық, қалалық маслихаттар арқылы жаңа қағидалар бекітіліп, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстағы кейбір санаттағы мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік осал топтарына ай сайынғы, атаулы күндер мен мереке күндеріне, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде біржолғы әлеуметтік көмектер қарастырылған.

2018 жылдың 1 маусымына Ақтөбе облысы бойынша 16401 мұқтаж азаматқа 412,6 млн.теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік төлемдерді тағайындау тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органда аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетіледі.

 Гүлім СЕКСЕНБАЕВА,

облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін

үйлестіру бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button