Әлеумет

Түлектерге жұмысқа орналастыру туралы сертификаттар берілді

Облыстағы кәсіпорын өкілдері Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің түлектеріне жұмысқа орналасу туралы сертификаттар табыс етті.

Биыл аталған оқу орнын салалық менеджмент, көлік қозғалысындағы тасымалдауды ұйымдастыру мен басқару, техник-механик, техник-электрик, техник-технолог мамандықтары бойынша 112 түлек бітірді. Оның жетеуі ерекше үлгідегі диплом алды.

Кеше қаладағы «Зере» мейрамханасында түлектерге дипломмен бірге жұмысқа орналасу сертифкаттары берілді. Облыстағы кәсіпкерлер мен әлеуметтік серіктестер жас мамандарға барлығы жиырма сертификат табыс етті. Бүгінде түлектердің 58-і  (65%) жұмыспен қамтылған.Бірқатар жас маман «Premium Сервис», «Mediapro», «Лучшее решение», «Jet Logistic», «Пегас Моторс Сервис», «Вест моторс Сервис», «Влад»,  «Стро Бетон Индустрия»жауапкершілігі шектеулі серіктестерінде, «Автодиагностика» ТҚО, «Ақбұлақ» ТҚО секілді компанияларда жұмыс істеп жүр.

Студенттердің жұмысқа орналасуына Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті. Мейрамхананың шағын залында ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесінде де түлектерге түрлі мекемедегі бос жұмыс орындары туралы ақпараттар берілді. Бұл шараға қала әкімдігінің, облыстық білім беру басқармасының, қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінің өкілдері, кәсіпорын басшылары, әлеуметтік серіктестер, сондай-ақ қаланың 24 мектебінің оқушылары қатысты.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button