Әлеумет

Қайырымдылық акциясы өтіп, дәрігерлік көмек көрсетілді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты ақпараттық-насихаттық топ апта басынан бері Байғанин ауданында бірнеше шара өткізді.

Алтай батыр, Жарлы, Ноғайты ауылдарында мемлекеттік қызметкерлер, ауыл ақсақалдары мен жастар, мектеп оқушылары Мәдениет үйіне жиналды. Бұл жерде «Дін және қоғам» тақырыбында келелі әңгімелер айтылды. Құрамындадіністері, білім, мəдениет, спортбасқармаларының, «Аңсар» орталығыныңқызметкерлері, ҚМДБөкілдері мен РАТТ мүшесінен тұратын 12 адам бар ақпараттық топ мүшелері қоғамдағы дін мәселесі, діни сауаттылық, азаматтардың адастыратын өзге ағымдардың ықпалында кетпеуі үшін не істеу керек, діннің біздің қоғамдағы ролі сынды тақырыптарда сөз қозғады. Маңызды диалогтан кейін діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы «Қара жол» фильмі көрсетілді.

Бұдан соң топ мүшелері А.С.Пушкин атындағы орта мектептің зайырлылық және дінтану негіздері пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сабақтарын, Сағыз орта мектебінде сынып жетекшілеріне арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» атты семинар өткізді. Миялы, Матайқұм ауылдарында кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «2017-2021 жылдарға арналған нәтижлі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Зәкірлі» кооперация мүмкіндіктері», «Ауылдағы кәсіпкерлік: тәуекелдерді азайту жолдары» сынды семинар-тренингтер, кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылды.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріЖарқамыс, Қаражар, Ақтам, Ебейті, Қопа, Айрық, Көптоғай тұрғындарымен де кездесті. Бұл жерлерде жаңа Еңбек кодексінің негізгі ережелері түсіндіріліп, «Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Дәрігерлер жоғары сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ерте жүктіліктен сақтануға қатысты лекциялар оқыды, балаларға стоматологиялық көмек көрсетілді. Қопа, Қарауылкелді ауылдарында тұрғындарға топ өкілдері Елбасы Жолдауында айтылған негізгі мәселелерді, «Бес әлеуметтік бастама» мен «100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары бойынша жасалып жатқан жұмыстар жөнінде мағлұмат берді.Топ жұмысы апта аяғына дейін жалғасады.

М.САТАЕВА.

ЖАРЛЫДАҒЫ ЖАРЫС

Қазір мамандар «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша Байғанин ауданында жұмыс жасап жатыр. Көлтабан ауылдық округі орталығы Жарлы ауылындағы Мәдениет үйінде «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

Облыс орталығынан келген теологтар мен дін саласының қызметкерлері ауыл жастарына, жоғары сынып оқушылары мен қарапайым тұрғындарға, мекеме қызметкерлеріне қоғамдағы діни мәселелерге  байланысты ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халықтан түскен сауалдарға нақты жауап берді.

Бұдан кейін жобаны жүзеге асыру аясында Жарлы ауылындағы Байғанин орта мектебінің спорт залында жамағат арасында волейболдан кездесу өтті. Шарада жастар белсенділік танытты.

А.НҰРБАЕВА.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button