Әлеумет

Оңалту шаралары қалай жүргізіледі?

Әлеуметтік көмек

Мүмкіндігі шектеулі адамдар көп жағдайда жабық өмір салтын ұстануға мәжбүр болады. Өйткені олар көмексіз қозғалып, үйден шыға алмайды. Алайда кез-келген жағдайда мұндай адамдарға денсаулықты да, әлеуметтенуді де жақсы сезінуге көмектесу үшін белгілі бір іс-шаралар қарастырылған. Ол мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы арқылы іске асырылады.

Мүгедектерді оңалту — олар үшін шектеулерді жоюға немесе оның орнын толық толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешенін қамтиды. Бұл орайда оңалтудың медициналық бөлігіне тоқталар болсақ, бұл іс-шараларды медициналық және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді. Ол үшін мүмкіндігі шектеулі жанға қалпына келтіру терапиясы, реконструктивті хирургия, протездік-ортопедиялық көмектер көрсетіледі.

Медициналық оңалту жөніндегі іс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары және меншік нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Елімізде мүгедектерді әлеуметтік оңалтуға айрықша мән берілген. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұндай жандарды техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер де көрсетіледі. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету медициналық-әлеуметтік мекемелерде жүзеге асырылады.

Рая НЕТАЛИНА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Ақтөбе облысы бойынша департаменті №3 медициналық-әлеуметтік

сараптама бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button