Жаңалықтар

Құрмет пен алғыс

Полиция күні

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қаладағы полиция бөлімшелерінің бір топ қызметкерін төл мерекелерімен құттықтады.

Жиында қала басшысы полиция қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді.

— Елдің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер саласы қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Тәртіп сақшылары ауыр да жауапты міндетті абыроймен атқарып жүр. Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Отбастарыңызға амандық тілеймін! Әрдайым биіктерден көріне беріңіздер, — деді Азамат Бекет.

Сондай-ақ ол бірқатар полиция қызметкерін тәртіп пен тыныштықты сақтаудағы үлестері үшін Алғыс хатпен марапаттады. Өз кезегінде полиция қызметкерлері де қала әкіміне ризашылықтарын білдіріп, құқық қорғау, қылмыстың алдын алуда аянбай еңбек ететіндіктерін айтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button