Әлеумет

Жалақыны көтерудің тура жолы

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде қозғалған мәселелер бүгінгі күнге қажеттілігімен, уақытында көтерілуімен біздің назарымызды аударды.

Оның ішінде екінші бастама жалпы жұртшылыққа ерекше жеңілдіктер алып келетіні байқалады. Онда «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» деген айқын бағдар бар. Бұл не деген сөз?

Оған жауапты Президенттің өзі береді. «Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын.

Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек» делінген Үндеуде.

Осындай шара нәтижесінде елімізде 2 миллионнан астам адамның жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейеді екен.

Елбасы бұл ұсыныстың бәрі есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама екенін жеткізді.

Ендеше егемен еліміздің ширек ғасырдан кейінгі бұғанасы бекіп, экономикалық қуаты қалыпты деңгейге жеткен тұстағы бұл қадамды халықтың әл-ауқатын жақсарту тұрғысындағы кезекті байыпты ілгерілеу деп ұғынамыз және қолдаймыз.

Исатай БЕРҒАЛИЕВ,

Ойыл аудандық мәслихатының  депутаты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button