Мәдениет

Ардақтың күй кеші

Кеше «Жұбановтар әлемі» орталығында ұлттық мәдениетіміздің інжу-маржаны қатарынан орын алатын әсем күйлер күмбірледі. Күй туралы көне аңыздар, сондай-ақ ғибраты, берері мол терме де айтылды.

Мұнда 2017 жылы ұлттық арна ұйымдастырған «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының жеңімпазы, жас күйші Ардақ Елеусіздің күй кеші өтті.

Кеш Қазанғаптың «Күй шақырғыш Ақжелең» күйімен басталды. Ұлы Далада сонау Шыңғыс хан заманынан бері тартылып келе жатқан «Ақсақ құлан», ата-бабалардың асқақ ерлігі мен мұң-шері қатар өрілген «Қилы қырғын» (Махамбет), Динаның «Бұлбұлы», Естайдың «Терісқақпайы», Нұрғисаның «Аққуы» сынды күйлер жиналған жұртшылықты бір серпілтті. Кешті жүргізген жас ақын Қуат Әбілқайыр күйлердің тарихын баяндап, олардың авторлары жөнінде мәліметтер берді.

Кешке «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының «Терме» номинациясы бойынша жеңімпазы, маңғыстаулық Оспан Құлсымақ та қатысты. Ол кеш иесіне деген лебізін білдіріп, бірнеше терме орындады.

Кешті ұйымдастыруға «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, «Aqtobe» телеарнасы, кәсіпкерлер атсалысқан.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button