Әлеумет

Жарқын болашаққа бағдар

Ж О Л Д А У

Елбасымыз биылғы Жолдауында болашағымызға бағдар етіп, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін, Қазақстандық дамудың 4-ші жаңғыруы жолында 10 басымдық берген бағыттың мәні мен маңызын, жан-жақты дамуын атап көрсетті. Оның ішінде индустрияландыру және технологияларды енгізуді, ресурстық әлеуметті дамытуды, инфрақұрылымның  тиімділігін  арттыруды, қаржы секторын «қайта жаңғыру», тиімді мемлекеттік басқару,  жемқорлықпен күрес секілді мәселелерге айрықша назар аударады. Аталмыш тың жобалардың барлығы дерлік еліміздің асқақтауына, экономикамыз бен әлеуетіміздің артуына, жастардың жарқын болашағына  тигізер септігі мол.

Мені елең еткізгені — тұрғын үй көлемінің ұлғаюы. Себебі бүгінгі таңда жас отбасыларының баспанамен қамтылуы өткір және өзекті мәселе болып отырғаны мәлім. Елбасының Жолдауынан соң алға қойылған міндеттер қарқын алып, оң нәтиже берері сөзсіз.

Әлеуметті толғандырған сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесінің  мағынасы терең, бағыты айқын, маңызы өте жоғары, көптің көңілінен шыққаны да осы.

Әрбір мүмкіндікті қалт жібермей, Жолдау жолында жұмыс істеп,  мүмкіндігімізше өз үлесімізді қосуға шақырамын.

Алмагүл МАХАМБЕТОВА,

«Нұр Отан» партиясы

Алға аудандық филиалының

консультанты.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button