Мереке

Ақтөбедегі әскери бөлімде борышын өтеп жатқан сарбаздың анасына тосынсый жасалды

Ақтөбеде облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шараға №30238 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер Райымбек Орынбасаровтың анасы Жанар Жұмабаева шақырылған. Ол бүгінгі мерекелік шараға Маңғыстау облысынан келіпті.

Ақтөбеде жеті ай әскерде қызмет етіп жатқан ұлымен кездесу бұл әйел үшін тосынсый болды. Ана мен сарбаздың әсерлі кездесуі  әскери бөлім командирі шақырған сахнада көрініс тапты.

Мінсіз қызметі үшін Райымбек Орынбасаровқа 10 күндік демалыс берілді. Жас сарбаз мұндай мүмкіндікті қалт жібермей, туған жеріне барып қайтпақшы.

Әскери бөлім командирі ержүрек жауынгердей ұл тәрбиелегені үшін Жанар Жұмабаеваға алғыс білдіріп, сарбазды мерекемен құттықтады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button