Басты жаңалықтарМереке

Құрметті жерлестер!  

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке — Отанға адал қызмет етудің, патриотизм мен жігерліліктің, ерлік пен батырлықтың символы. Сондықтан бұл күні еліміздің қауіпсіздігін қорғау ісіне  жауапты міндет пен қасиетті парызым деп қарап, өз борышын абыроймен атқарып жүргендерге құрмет көрсетеміз.

Отанды сүю, адал қызмет ету, оның тағдыры үшін жауапкершілікті арқалау — әр азаматтың парызы және ешқашан мәнін жоймайтын құндылық. Бейбіт күндерде Отан қорғау жолында сапқа тұру, ел игілігі үшін антқа адал болып қызмет ету — мәртебелі міндет әрі қасиетті парыз.

«Қарулы Күштеріміз еліміздің егемендігі мен тұтастығының және халқымыздың мызғымас бірлігі мен жарқын болашағының кепілі болып қала береді.

Бүгінде жауынгерлеріміз батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, ел тыныштығын қырағылықпен күзетіп тұр. Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі — өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге», — деген еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Отанымыздың тарихында әртүрлі кезеңде туған жерімізді қорғаған жаужүрек ерлер аз болмаған. Өздерінің тіршілігін әскери қызметпен байланыстырған бүгінгі ұрпақ ата-бабамыздың даңқты дәстүрлерін жалғастырып, ілгерінің үлгісін абыроймен алып келеді.

Әскери қызметкерлерге, ардагерлерге және өңіріміздің тұрғындарына мықты денсаулық, жарқын болашақ және ашық аспан тілеймін!

 Асхат ШАХАРОВ,

Ақтөбе облысының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button