Басты жаңалықтарЖеңіс

Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні — теңдесі жоқ ерлік пен жанқиярлық көрсеткен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың рухына бас иіп, қанқұйлы майданнан аман оралған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсететін күн! Бұл күн—майдан даласында қаза тапқан миллиондаған боздақтардың өрлігі мен ерлігін еске алып, бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күрескен жанқиярлығын, көзсіз батырлығын кейінгі ұрпаққа үлгі ететін күн.

Адамзатқа орасан зор қауіп төндірген фашизмді жеңуге Ақтөбе облысының қосқан үлесі зор. Біздің өңірден екінші дүниежүзілік соғысқа 122 мыңнан астам адам шақырылып, оның 36 мыңнан астамы ерлікпен қаза тапты. 35 ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атанса, тоғызы «Даңқ» орденінің толық иегері болды. Олардың қатарында аты аңызға айналған мерген қыз Әлия Молдағұлованың орны ерекше.

Өкінішке қарай, адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғысқа қатысушы ардагерлеріміздің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Биылғы Жеңіс мерекесін облысымызда өңір тұрғындарымен бірге көзі тірі жалғыз ардагер Василий Иванович Грецкий қарсы алып отыр.

Тыл еңбеккерлерінің де қатары көп емес —  бүгінде облыста тылда еңбек еткен 2280 адам тұрады. Олардың барлығына тиісті қолдау көрсетілетін болады.

Біз Отанға деген шынайы сүйіспеншілік пен жанқиярлықты, табандылық пен қайсарлықты аға буын — жеңімпаз ұрпақтан үйренеміз.

Соғыс және еңбек ардагерлеріне, барша ақтөбеліктерге зор денсаулық, отбасы амандығын, бейбіт аспан тілеймін!

Отанымыз— Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Асхат ШАХАРОВ,

Ақтөбе облысының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button