Рухани жаңғыру

Жаңа көкжиек

«Рухани жаңғыру жолындағы Мәңгілік ел». Жақында осындай тақырыпта облыстық семинар өтті. Шараның өтуіне М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ұйытқы болды.

Шараның мақсаты — халқымыздың өткен тарихы мен бүгінгі рухани жаңғыру жолындағы қадамдарын зерделеу, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, балалардың білім алуға деген құлшыныстарын арттыра түсіп, олардың өздігімен шығармашылық еңбек етуіне ықпал ету.

Семинарда М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернатындағы тарих пәні педагогтерінің іс-тәжірибесі облыстағы өзге мектептердің мұғалімдеріне таратылды.

Әр ауданындағы мектептерден жиналған мұғалімдер аталған білім шаңырағындағы педагогтердің «Ақмола тарихы», «Көшпелілікті зерттеу тарихы», «Мәңгілік ел — зайырлы мемлекет және жоғары руханият» тақырыптарындағы ашық сабақтарға, сыныптан тыс сабақтарға және дебат түріндегі сайыс сабақтарына қатысты.

Сондай-ақ, шара барысында педагогтер бір-бірімен іс-тәжірибе алмасып, іскерлік дағдылар және жаңашыл әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Роза АЛМАТОВА,

М.Құсайынов атындағы облыстық

мектеп-интернаттың мұғалімі.

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button