Рухани жаңғыру

Қаһарманның ізімен

Әскери-патриоттық сайыс

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Б.Момышұлына арналған «Аңызға айналған қаһарман» атты әскери-патриоттық сайыс өтті. Аталған шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы ұйымдастырды.  

«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында дәстүрге айналған бұл шара биылғы жылы Ақтөбе қаласындағы №62 орта мектепте өтті. Себебі, биылғы жылы бұл мектепке Халық қаһарманы Б.Момышұлының есімі берілген болатын.

Шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Г.Маханова, «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байдербес, облыстық Әлия Молдағұлова атындағы мемориалды музейінің директоры Е.Қалтаева, басқа да оқытушылар қауымы мен әскери жетекшілер қатысты.

Жастар әскери-саптық өлең сайысы, Калашников автоматын жартылай бөлшектеп-жинау, биік кермеге тартылу, гір тасын көтеру, арқан тарту сайыстары, сондай-ақ «Ерлік рухы желбіреп» атты патриоттық ән байқауы бойынша сынға түсті. Қатысушы командалар аталған әскери сайыстың барлық түрлерінен сүрінбей өтіп, белсене араласты.

Сайыс қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласындағы №33 орта мектептің командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынды №60 орта мектеп командасы иеленсе, ал үшінші орынға №4 орта мектептің командасы лайық деп танылды.

 А.КАПИШЕВ, 

«Әлия» патриоттық тәрбие беру

 облыстық орталығының әдіскері.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button