Мәдениет

Тарих тәрбиесі

Кітапхана

Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері   Әнес  Сарайдың 80 жылдығына арналған ерлік сағаты өткізілді. Кеш жазушының «Исатай-Махамбет тарихы» атты зерттеу кітабына арналды. Кешке зейнеткерлер мен көпсалалы колледж оқушылары қатысты.

Жазушы  Әнес  Сарай —  әдебиетіміз бен рухани өміріміздегі белгілі тұлға.

Жазушының Исатай мен Махамбет туралы зерттеу кітабы батырлардың ерлік жолынан мол мағлұмат шертеді. Жиында кітапханашы Айман Елеусінова Махамбет ақын өз жырларында Исатайдың тек жау қайтарған батыр ғана емес, нағыз халық жанашыры екенін әдемі суреттегенін айтса,  абономент бөлімінің кітапханашысы Салтанат кітаптың жастарға берер тәлім-тәрибиесі мол екенін жеткізді. Кеште ақынның өлеңдері оқылды. Оқушылар көрініс қойды. Жиын барысында кеш қонақтары Жауғашты Жұмағалиев, Нұрлыбек Құтжанұлы, Якуп  Гарашұлы жастарға тәрбиелік мәні бар әңгімелер айтты.

Р.ШАЙХИНА,

Қобда аудандық орталықтандырылған кітапхана

жүйесінің библиографі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button