Спорт

Жаңа маусым наурызда ашылады

Футболдан Қазақстанның ХІХ чемпионатының жалауы биыл 22 наурызда көтеріледі. Бұл күні жерлестеріміз «Атырау» командасын қабылдайды. Айта кету керек, ақтөбеліктер мен атыраулықтар оған дейін 15 наурызда Астанада еліміздің Супер-Кубогын сарапқа салады.

Биылғы футбол маусымының басты жаңалығы — Премьер-лигада 12 команда ғана ойнайтын болады. Өткен жылы біріншілікті 11-орынмен аяқтаған Көкшетаудың «Оқжетпесі» Премьер-лигадағы бір орын үшін Оралдың «Восток» командасымен кездесіп, 2:3 есебімен ұтылып қалған еді. Дегенмен, «Оқжетпестің» жолы болып кетті. Қаржылық қарыздарын өтей алмаған Өскеменнің «Восток» командасы жоғарғы топтан шығарылып, орнына көкшеліктер ойнайтын болды.

Ал жерлестеріміздің чемпиондық атақты сақтап қалу үшін күресетіні белгілі. «Ақтөбе» командасына сәттілік тілейміз!

Футболдан Қазақстан чемпионатының ойын кестесі

Премьер-лига

1 тур

22 наурыз (дүйсенбі)

1. Ақтөбе (Ақтөбе) – Атырау (Атырау)

2. Локомотив (Астана) – Қайрат (Алматы)

3. Ақжайық (Орал) – Ертіс (Павлодар)

4. Тобыл (Қостанай) – Тараз (Тараз)

5. Жетісу (Талдықорған) – Шахтер (Қарағанды)

6. Ордабасы (Шымкент) – Оқжетпес (Көкшетау)

2 тур

28 наурыз (жексенбі)

7. Атырау – Тобыл

8. Шахтер – Ақтөбе

9. Ертіс – Ордабасы

10. Оқжетпес – Локомотив

11. Қайрат – Жетісу

12. Тараз – Ақжайық

3 тур

3 сәуіренбі)

13. Локомотив – Ертіс

14. Ордабасы – Тараз

15. Ақжайық – Атырау

16. Жетісу – Ақтөбе

17. Тобыл – Шахтер

18. Қайрат – Оқжетпес

4 тур

9 сәуір (жұма)

19. Ақтөбе – Тобыл

20. Атырау – Ордабасы

21. Тараз – Локомотив

22. Ертіс – Қайрат

23. Оқжетпес – Жетісу

24. Шахтер – Ақжайық

5 тур

15 сәуір (бейсенбі)

25. Локомотив – Атырау

26. Ордабасы – Шахтер

27. Жетісу – Тобыл

28. Ақжайық – Ақтөбе

29. Оқжетпес – Ертіс

30. Қайрат – Тараз

6 тур

20 сәуір (сейсенбі)

31. Ақтөбе – Ордабасы

32. Тобыл – Ақжайық

33. Атырау – Қайрат

34. Тараз – Оқжетпес

35. Ертіс – Жетісу

36. Шахтер – Локомотив

7 тур

25 сәуір (жексенбі)

37. Локомотив – Ақтөбе

38. Ордабасы – Тобыл

39. Жетісу – Ақжайық

40. Ертіс – Тараз

41. Оқжетпес – Атырау

42. Қайрат – Шахтер

8 тур

1 мамыренбі)

43. Шахтер – Оқжетпес

44. Ақтөбе – Қайрат

45. Тобыл – Локомотив

46. Ақжайық – Ордабасы

47. Атырау – Ертіс

48. Тараз – Жетісу

9 тур

7 мамыр (жұма)

49. Локомотив – Ақжайық

50. Жетісу – Ордабасы

51. Тараз – Атырау

52. Ертіс – Шахтер

53. Оқжетпес – Ақтөбе

54. Қайрат – Тобыл

10 тур

12 мамырәрсенбі)

55. Ақтөбе – Ертіс

56. Шахтер – Тараз

57. Тобыл – Оқжетпес

58. Атырау – Жетісу

59. Ордабасы – Локомотив

60. Ақжайық – Қайрат

11 тур

20 мамыр (бейсенбі)

61. Жетісу – Локомотив

62. Атырау – Шахтер

63. Тараз – Ақтөбе

64. Ертіс – Тобыл

65. Қайрат – Ордабасы

66. Оқжетпес – Ақжайық

Екінші айналым

12 тур

25 мамыр (сейсенбі)

67. Ақжайық – Тараз

68. Локомотив – Оқжетпес

69. Ақтөбе – Шахтер

70. Тобыл – Атырау

71. Жетісу – Қайрат

72. Ордабасы – Ертіс

13 тур

30 мамыр (жексенбі)

73. Ақтөбе – Жетісу

74. Тараз – Ордабасы

75. Шахтер – Тобыл

76. Ертіс – Локомотив

77. Оқжетпес – Қайрат

78. Атырау – Ақжайық

14 тур

8 маусым (сейсенбі)

79. Локомотив – Тараз

80. Ордабасы – Атырау

81. Ақжайык – Шахтер

82. Тобыл – Ақтөбе

83. Қайрат – Ертіс

84. Жетісу – Оқжетпес

15 тур

13 маусым (жексенбі)

85. Тобыл – Жетісу

86. Ақтөбе – Ақжайық

87. Шахтер – Ордабасы

88. Атырау – Локомотив

89. Тараз – Қайрат

90. Ертіс – Оқжетпес

16 тур

17 маусым (бейсенбі)

91. Локомотив – Шахтер

92. Ордабасы – Ақтөбе

93. Ақжайық – Тобыл

94. Оқжетпес – Тараз

95. Қайрат – Атырау

96. Жетісу – Ертіс

17 тур

22 маусым (сейсенбі)

97. Шахтер – Қайрат

98. Тобыл – Ордабасы

99. Ақтөбе – Локомотив

100. Ақжайық – Жетісу

101. Атырау – Оқжетпес

102. Тараз – Ертіс

18 тур

27 маусым (жексенбі)

103. Локомотив – Тобыл

104. Ордабасы – Ақжайық

105. Ертіс – Атырау

106. Оқжетпес – Шахтер

107. Қайрат – Ақтөбе

108. Жетісу – Тараз

19 тур

17 шілде (сенбі)

109. Ақтөбе – Оқжетпес

18 шілде (жексенбі)

110. Ордабасы – Жетісу

111. Ақжайық – Локомотив

112. Атырау – Тараз

113. Шахтер – Ертіс

114. Тобыл – Қайрат

20 тур

24 шілдеенбі)

115. Ертіс – Ақтөбе

25 шілде (жексенбі)

116. Локомотив – Ордабасы

117. Тараз – Шахтер

118. Оқжетпес – Тобыл

119. Қайрат – Ақжайық

120. Жетісу – Атырау

21 тур

31 шілде (сенбі)

121. Ақтөбе – Тараз

1 тамыз (жексенбі)

122. Локомотив – Жетісу

123. Ордабасы – Қайрат

124. Шахтер – Атырау

125. Тобыл – Ертіс

126. Ақжайық – Оқжетпес

22 тур

14 тамыз (сенбі)

127. Шахтер – Жетісу

128. Атырау – Ақтөбе

129. Тараз – Тобыл

130. Ертіс – Ақжайық

131. Оқжетпес – Ордабасы

132. Қайрат – Локомотив

***

Санатты «Тобыл» алды

Еліміздің азулы командаларының бірі Қостанайдың «Тобылына» қабылданған Санат Шалекеновтің есімі ақтөбеліктер үшін белгісіздеу. Бірақ Ақтөбеде туып-өсіп, № 8 футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен шыққан Санатқа көз тігушілер болмай қалған жоқ.

Ол өзінің кәсіби футболдағы жолын «Ақтөбе-Жас» командасында бастады. Мамандардың айтуынша, «Ақтөбе» футбол командасына алынуына да мүмкіндіктер болған. Алайда қорғаныс шебінде тұрақты ойыншылар болғандықтан, Санатқа орын тимей жүріпті. Енді, міне, 21 жасар Санатқа қостанайлық бапкерлер «құда түсіп», Түркияда, Италияда өткен оқу-жаттығу жиындарына қатыстырды. Жиыннан сүрінбей өткен жерлесіміз «Тобылға» қорғаушы болып қабылданды.

Айта кету керек, Санаттың әкесі Нұрым Шалекенов кезінде «Актюбинец» командасының белді ойыншысы болды. Оның 30-40 метр қашықтықтан соққан доптары жанкүйерлердің әлі есінде. Нұрым өзінің үлкен футболдан кейінгі өмірін балаларға футбол әліппесін үйретуге арнады.

Әке жолын жалғаған жерлесіміз Санатқа биік табыстар тілейік.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button