Спорт

Жанарыс — Азия чемпионатының қола жүлдегері

Дзюдо

Гонконгте өтіп жатқан дзюдо күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы әзірге үш қола жүлде иеленіп отыр. Жүлдегер атанғандардың бірі — жерлесіміз, Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Жанарыс Рахметқали.

Жанарыс былтыр Португалияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алған болатын. Ал биылғы Азия чемпионаты — Жанарыстың ересектер арасындағы алғашқы халықаралық жарысы. Бұл жарыста ол 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Өкінішке қарай, Жанарыс ширек финалда жапон спортшысы Синсей Хатториден жеңілді, алайда қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Қола жүлде үшін болған белдесуде өз командаласы, құрама сапындағы екінші қазақ дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаевты жеңді.

Құрама сапынан Жанарыстан өзге, Ғалия Тынбаева (48 кг) мен Есмигүл Куюлова (63 кг) да қола медаль иегері атанып отыр.

Азия чемпионатына 36 елдің спортшылары қатысып жатыр.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button