Әлемде

КХДР АҚШ пен Оңтүстік Корея «аяусыз жазадан» құтыла алмайтындығын мәлімдеді

АҚШ пен Оңтүстік Корея «аяусыз жазадан» құтыла алмайды. Мұндай мәлімдемені сейсенбі күні Корей халықтық армиясының штабы Пханмунджом шекара бекетінде жасады. Бұл жайлы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Олар аяусыз жазадан құтыла алмайды», – деп хабарлайды Kyodo агенттігі Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен командалық-штабтық оқуларының басталуына орай КХДР тарапы жасаған мәлімдемені келтіре отырып.
Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың бірлескен командалық-штабтық оқулары дүйсенбі күні басталды. Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің мәлімдеуінше, оқулар тек қорғаныс мақсатын көздейді және Корей түбегіндегі шиеленісті арттыруға әсте бағытталмаған. Әскери қызметкерлердің оқу мерзімі қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.
Оңтүстік Кореяның ұлттық қорғаныс министрлігі олардың тарапынан оқуға былтырғы жылғыдай – шамамен 50 мың әскери қызметші тартылғандығын мәлім етті. АҚШ тарапынан оқуға 17,5 мың әскери қызметші қатысуда. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7,5 мыңға аз.
КХДР аталмыш бірлескен командалық-штабтық оқуларды Корей түбегіндегі шиеленісті күшейтуге бағытталған дұшпандық әрекеттер деп санайды.

inform.kz

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button