Әлемде

25 миллионнан асты

Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 25 миллионнан асты. Қайтыс болғандар саны 855 мыңға жуықтады. Барлық ауырғандардың 70%-ға жуығы, яғни 17 миллионнан астам адам бұл дерттен жазылып шықты.

Төрттен бірі — АҚШ-та

Әлемдегі барлық науқастардың төрттен бірі АҚШ-та тіркелген. Мұнда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 6,4 миллионнан асты. 1 қыркүйек күні індетті жаңадан жұқтырған 13 974 адам есепке алынған. Өлім-жітім көрсеткіші — 3,02%. Пандемия басталғалы бері АҚШ-та COVID-19 вирусын жұқтыру салдарынан 189 мың адам қайтыс болған. Қазіргі күні ауыр халде жатқандар саны — 15 мың адам.

Ал әлем бойынша өлім-жітімнің орташа көрсеткіші — 3,4 пайыз. Жалпы, пандемия басталғалы бері өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Еуропа елдерінде тіркелді. Италия, Ұлыбритания, Нидерланд, Франция елдерінің көрсеткіштері — 10-14% аралығында.

 

Ең ұзақ ауырған

Коронавирус өршіп тұрған елдердің бірі — Бразилия. Мұнда жаңа індетті жұқтырғандар саны 4 миллионға жуықтады.

Жақында Бразилияда әлем бойынша осы дертпен ең ұзақ уақыт ауырған адам тіркелді. Оның 152 күн немесе бес ай бойы коронавируспен ауырғанын Рио-де-Жанейро федералдық университетінің молекулярлық вирусология зертханасының мамандары тіркеген. Науқастың өзі жергілікті клиникалардың бірінде жұмыс істейтін медицина қызметкері. Наурыз айының соңында оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Науқастан дерттің жеңіл белгілері ғана байқалып отыр.

 

Оқу жылының басталуы кейінге шегерілді

Демографиясы жағынан әлемнің қос алыбының бірі саналатын Үндістан коронавирусты жұқтырғандар саны жөніндегі тізімде «екінші» ел болып тұр.  Мұнда 4,2 миллион науқас тіркелген. Олардың 2,9 миллионы жазылып шыққан.

Тамыз айынан бері елде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны тәуліктік көрсеткіш бойынша өте жоғары: тәулігіне шамамен 70 мың адам тіркеліп отыр. Соған байланысты Үндістанда оқу жылының басталуы бір ай кейінге шегерілген. Яғни, шәкірттер қыркүйек айында да демалыста болады. Олай етпеске және болмайды, өйткені бұл елдегі мектептердің көпшілігінде әр сыныпта 50 баладан оқиды екен.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button