Су тасқыны
Эвакуациялық орталықтағы тұрғындармен кездесті

Бүгін Ырғыз ауданының әкімі Н.Қызбергенов, аудан әкімінің орынбасарлары мен тиісті сала басшылары Ырғыз ауылындағы эвакуациялық орталықтарда болып, тұрғындармен кездесті.
Видео плейер
00:00
00:00
Топ мүшелері қауіпсіз жерге көшірілген азаматтардың қал-жағдайларымен танысып, сауалдарына жауап берді.
Көпшілікті сабыр сақтауға, орынсыз дүрбелеңге жол бермеуге шақырды.
Сонымен қатар, табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды анықтау және бір жолғы төлем алу тәртібі түсіндірілді.
Д.АЙДАР.