Рухани жаңғыру

Экономиканы өркендетуден руханиятты жаңғыртуға дейін


Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы қазіргі әлемдегі алмағайып ахуалдарды, түбірлі өзгерістерді зерделей келе жасалған маңызы зор тарихи құжат.

Онда Елбасымыз Үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығын айқындап берді. Ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын күшейту мәселелері айтылды.

Елбасы Жолдаудағы негізгі басымдықтардың бірі ретінде Үкіметке үшінші жаңғырту аясында ЭЫДҮ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, жекеменшікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру керектігін айтып, Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп жекеменшік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заңнамаға ревизия жүргізуді міндеттеді. Бұдан басқа, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс екендігіне мән берді.

Жолдауда қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту керектігі, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажеттігі, судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңыздылығы да баса айтылды.

Ал елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытына тоқталған Елбасы жегіқұрттың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін атап көрсетті.

Ендеше халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұмыла жүзеге асыруымыз қажет.

 

Сабыржан БАЙЖИЕН,

облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық

жұмыстар бөлімінің бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button