Денсаулық

Диабет қалай анықталады?

Қант диабеті — ағзада инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен туындап және көмірсу, май, ақуыз алмасуларының қатты өзгеруімен сипатталатын ауру.
Сырқаттың бірінші типі —  инсулинге тәуелді, екінші типі —  инсулинге тәуелді емес қант диабеті.  Қантты диабеттің  бірінші типінің пайда болып, дамуына вирустық инфекциялар (коксаки, қызылша, эпидемиялық паротит вирустары) әсер етеді.

Қант диабеті ұйқы безі ауруларының әсерінен, яғни жедел және созылмалы панкреатит, ісіктер кезінде пайда болуы мүмкін. Дәрілік заттарды ұзақ қолдану да қант диабетінің дамуына себепкер болады. Уытты заттары бар өнімдерді қолданғанда, олар ұйқы безінің бета-жасушасына әсер етіп, нәтижесінде қант диабетіне  алып келуі мүмкін.

Бірінші типті қант диабеті жас адамдарда жиі кездеседі және тез дамиды, мұндай науқастар  ауруханаға кома немесе комальды жағдайында түсуі әбден мүмкін. Қант диабетінің екінші типі баяу дамиды, кейде кездейсоқ анықталады, көбіне орта және егде жастағы адамдарда кездеседі. Науқастар ауыздың құрғауы, шөлдеу (полидипсия), зәрдің көп мөлшерде бөлінуі (полиурия), қатты ашығу (булемия), терінің қышуы, салмағының азаюы секілді жағдайлар бойынша шағымданады. Тексерген кезде тері қабаттарының, бет және маңдай тұсының қызарғанын, кей жерлерде қабыршақтанғанын көруге болады. Қант диабетімен ауыратын науқастар шиқан шығу және саңырауқұлақты аурулар мен туберкулезге шалдығуға  бейім келеді.

Науқастардың 60-80 пайызында диабеттік ретинопатия кездеседі. Бұндай жағдай көздің көруін нашарлатады, кейін қатарактаға ұласады. Нерв жүйесінің зақымдануы да диабеттік нейропатиямен байланысты.
Қант диабеті ауруын анықтау үшін арнайы сынақ жүргізіледі.

В.ВОЛНЕНКО,

ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің

Ақтөбе облысы бойынша департаменті №3 медициналық

әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button