Денсаулық

Жылжымалы кешен ауылға барды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің жанынан құрылған медициналық орталықтың мамандары Мәртөк ауданының тұрғындары үшін скрининг жүргізді. Іс-шараның мақсаты — онкологиялық аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті дәрігерлерінің айтуынша, шалғай елді мекен тұрғындарының дені медициналық көмекке зәру.

«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры «QH Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы аясында «Оптима» жылжымалы медициналық кешенін сатып алды. Жоба шалғай елді мекенде тұратын тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Скрининг барысында орталықтың дәрігерлері аудан тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізді. Олардың қатарында онколог, онкомаммолог, онкохирург, онкогинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігерлер қабылдау жүргізді. Әсіресе жылжымалы медициналық кешендегі ультрадыбыстық аппарат пен 128 кескінді компьютерлік томографиясына сұраныс көп болды, — дейді ұйымдастырушылар.

Медициналық акция аясында 120-ға жуық ауыл тұрғыны дәрігер кеңесіне жүгінді. Мәртөк ауданының тұрғындары ақ халатты абзал жандарға алғысын білдірді.

 Әлиянұр МАРҒҰЛАНҚЫЗЫ,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button