Денсаулық

Екпенің пайдасы мол

Дөңгелек үстел

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің коворкинг орталығында эпидемиология кафедрасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Мақсат — жұртшылыққа вакцинаның маңыздылығын түсіндіру. Шара Еуропалық иммундау апталығы аясында ұйымдастырылды.

Басқосуда университеттің профессорлары мен оқытушылары жатыр мойны обыры және папиллома вирусына қарсы вакциналау, аурудың алдын алу туралы айтты. Яғни осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру сөз болды.

Жалпы, университетке қарасты мамандар екпенің маңызы туралы жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен  жүргізіп келеді. Еуропалық иммундау апталығы аясында да олар белсенділік танытты.

Дөңгелек үстелде  микробиология, вирусология, иммунология және өзге де кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамы  пікірлерін ортаға салды. Алда атқарылатын шаруаларды пысықтады.

К.СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button