Спорт

«Ақтөбе» «Тобылды» тоқтатты

Футбол

Бүгін Премьер-Лиганың 2-турының кездесулері өтті.

Сурет sports.kz сайтынан

 

Екінші рет сырт алаңда ойнаған «Ақтөбе» алғашқы ұпайға ие болды.

Қостанай облысының Затобольск кентінің «Затоболец» стадионында өткен кездесуде Ақтөбеден барған жанкүйерлердің қолдауын айқын сезінген жерлестеріміз өткен турда «Атырауды» 3:0 есебімен жеңген қостанайлық «Тобылға» дес бермеді. Алма-кезек шабуылмен өткен кездесуде «Ақтөбе» мығым қорғана да білді, қарсыластар қақпасын торуылдаудан да кенже қалған жоқ. Дегенмен кездесуде еш гол соғылмады. Ал, расына келсек, сырт алаңнан, оның ішінде «Тобылдан» бір ұпай олжалап оралу — сенімді нығайта түсетін көрсеткіш.

2-тур кездесулері туралы толық материал газетіміздің алдағы номерінде беріледі.

 Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button